Тікелей эфир

Оқу жылы мен каникул уақытын айқындайтын жаңа мемлекеттік стандарт бекітілді

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы Әділет министрлігінде тіркелді.

Бұйрық бойынша каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді, оның ішінде оқу жылының ішінде кемінде 25 күнді құрайды. 

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – 4 жыл. Ал орта білім беру үшін 5 жыл көзделген.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу аптасын, 2-4-сыныптарда және орта буын үшін 36 оқу аптасын құрайды.

Оқу жылы ішіндегі каникулдар 3 рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. 1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты қарастырылған.


Оқи отырыңыз: Оқу жылы енді 31 мамырда аяқталады: Оқушылар жазда неше күн демалады?


 

Серіктестер жаңалықтары