Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындарының күні екі есе артады.
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан оқушыларының халықаралық пән олимпиадаларындағы нәтижесін жақсарту мақсатында министрдің бұйрығына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл өзгерістер негізінен екі бағытты қамтиды.
- Біріншісі – халықаралық олимпиадаларға қатысатын ұлттық құрама команданың тек отандық ЖОО ғана емес, сонымен қатар шетелдік университеттердің оқу-әдістемелік орталықтарында жаттығуына жол ашу. Бұл үшін Қазақстан жақын және алыс шет мемлекеттердің оқу-ағарту саласындағы ведомстволарымен ынтымақтастықты арттырмақ.
- Екіншіден, құрама мүшелерінің оқу-жаттығуының ұзақтығы артады. Қазіргі таңда ол 14 күнмен шектелетін болса, енді екі есе артып, 12-30 күнтізбелік күнді құрайтын болады.
"Бұл өзгеріс халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін ұлттық құрама командаларды дайындау бойынша оқу-жаттығу жиындары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының базасында да, шетелдік ЖОО-ның оқу-әдістемелік орталықтарында да өткізу үшін енгізіледі», – делінген құжат жобасында.
Оқи отырыңыз: 16-20 қаңтардағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі