Тікелей эфир

Оқу министрлігі "Үздік педагог" байқауының шарттарын түсіндірді. Биыл ережеге бірқатар өзгеріс енгізілген

"Үздік педагог" атағы жыл сайын конкурстық негізде тағайындалады және ол бір педагогке 10 жыл ішінде 1 реттен артық берілмейді.

Конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

2023 жылдың маусым айында жыл сайын өтетін "Үздік педагог" атағын беру қағидаларына өзгеріс енгізілді. Енді конкурсқа меншік нысанына қарамастан білім білім беру ұйымдарының педагогтері де қатыса алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Facebook парақшасында жарияланды.

"Педагогтерге "Үздік педагог" атағын беру ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген "Үздік педагог атағын беру" қағидаларымен реттеледі. "Үздік педагог" атағы жыл сайын конкурстық негізде тағайындалады және ол бір педагогке 10 жыл ішінде 1 реттен артық берілмейді. Конкурс үш кезең бойынша өтеді", – деді Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Жанар Есімбекова.

Байқау 3 кезеңде өтеді:

  • бірінші кезең – аудандық, қалалық (шілде);
  • екінші кезең – облыстық (тамыз);
  • үшінші кезең – республикалық деңгей (қыркүйек).

"Конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде конкурс қатысушылары өздері құжаттарын министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктейді. Шешуші кезеңде республикалық деңгейге өткен педагогтердің құжаттарын, сондай-ақ қатысушылардың Астана қаласындағы білім беру ұйымдарында өткізетін сабақтарын республикалық комиссия қарап, бағалайды. Нәтижесінд 64 жеңіс анықталып, оларға "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында 1000 АЕК көлемінде сыйақы табысталады", – деді ол.

Қатысушыларды тіркеу және құжаттарды қабылдау мына сілтеме бойынша жүзеге асады.


Оқи отырыңыз: Жекеменшік мектептердегі оқу ақысы 2 есе арзандайды


 

Серіктестер жаңалықтары