Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылы 27 тамыздағы №382 бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласының тәрбиешілері мен педагогтері толтыруға тиіс үш құжат анықталған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" РММ директоры Манара Адамова айтты.
Балабақша тәрбиешілері мен педагогтері толтыруға тиіс құжаттар:
- перспективалық жоспар;
- циклограмма;
- баланың жеке даму картасы.
"Бұл министрліктің тарапынан мектепке дейінгі білім саласының педагогтарын қағазбастылықтан құтқару үшін қабылданып отырған шешім. Сондықтан да бүгінгі күні осы үш негізгі құжат тәрбиешілер мен педагогтердің толтыруы тиіс құжаттары болып табылады. Басқа ешқандай құжатты аттестация кезінде немесе басқа да күнделікті тексеру кезінде талап етуге ешкімнің құқы жоқ", – деп түсіндірді Манара Адамова.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет балаларды 2 жастан бастап алатын балабақшаларға қолдау көрсетеді
- Жеке балабақшалар ғимарат иесімен жалға алу шартын тіркеуге міндетті ме?
- Балабақшалар 2023 жылдан бастап білім беру сапасын өздері бағалай алады