Оңтүстік Корея президентіне импичмент жариялау бойынша сот өтетін болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Процесске Юн Сок Елдің өзі қатысуға міндетті. Мемлекет басшысына әскери жағдай енгізу арқылы бүлік шығарды деген айып тағылып отыр.
Жергілікті басылымдардың ақпартынша, алғашқы сот отырысы 27 желтоқсанға белгіленген. Конституциялық соттың барлық отырысы ашық өтетіні хабарланды. Осылайша, президенттің тағдыры алты ай ішінде шешілуге тиіс.
Оңтүстік Кореяда әскери режим енгізу жағдайына байланысты өзге де лауазымды тұлғалар тергеліп жатыр. Кеше Әскери барлау басқармасының басшысы да қамауға алынды.
Оның хабарландырудан кейін екі минут өтпей Гвачон қаласындағы мемлекеттік мекемелерге әскер жіберуі күдік туғызған. Сонымен қатар "Азаматтық күш" партиясының төрағасы да отставкаға кетуге өтініш білдірді.
Хан Дон Хун Сеулде өткен баспасөз мәслихатында жоғарғы кеңестің іс жүзінде ыдырауына байланысты партия жетекшісі қызметін атқара алмайтынын айтты.