Тікелей эфир

Өмір сүру құны рейтингі: Қазақстан ТМД елдері ішінде екінші орында тұр

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Армениядан кейін екінші орында тұр.

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, елдердің өмір сүру құны рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 91-орында болды. Елдің индексі – 25,4. Бұл индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағалайды, деп хабарлады finprom.kz.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат елдердің бірі: Армениядан кейінгі екінші орында тұр. Беларусь – 98, Молдова – 101, Ресей – 110, Қырғызстан – 111, Украина – 114, Әзербайжан – 119, Өзбекстан – 125 орында.

2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы – 0,6%, жыл басынан бері – 5,8% және бір жылда 14% өсті. Биыл қаңтар-шілде айларында бағаның өсуі 2022 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 17,2% болды. Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, баға азық-түлік тауарлары – 19%, азық-түлік емес тауарлар – 17,8%, ақылы қызметтер – 13,9% қымбаттады.


Оқи отырыңыз: "Ел азаматтары 39 елге ғана визасыз бара алады". Қазақстан паспортының беделі қандай?


 

Серіктестер жаңалықтары