Тікелей эфир

Олжас Бектенов ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған еді.

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Олжас Бектенов / Сурет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтынан алынды

Оқи отырыңыз: Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды


Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған еді.

"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын", – деп жазылған президент жарлығында.

Серіктестер жаңалықтары