Тікелей эфир

Елордада жарамсыз техниканы тұрғындардың үйіне барып тегін алып кететін Clean Taxi қызметі іске қосылды

Осы әлеуметтік жоба аясында 15 адам жұмысқа орналастырылды.

Астанада тозған тұрмыстық электр техникасын үйден өзі шығарып алып кететін Clean Taxi тегін экологиялық жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл жоба осымен төртінші жыл қатарынан қолға алынуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Clean Taxi қызметкерлері тұрғындардың ақауы бар теледидар, тоңазытқыш, ұсақ тұрмыстық және өзге де техникаларын өзі барып алып кетеді. Бұл үшін +7 707 613 33 33 нөмірі бойынша Clean Taxi қызметіне тегін қоңырау шалу жеткілікті немесе сайтта өтінім қалдыруға болады.

Бүгінгі таңда елордада тұрмыстық электр қалдықтарын жинауға арналған 72 контейнер орнатылды. Яғни, әр ауданда 18 контейнерден. Кейін екі аптада бір рет контейнердегі техникаларды тиісті адамдар алып кетіп отырады. Сондай-ақ, контейнердің әрқайсысына өз учаскелерінің шеберлері бекітілді. Олар контейнердің уақытылы босатылып отыруына жауапты. 

Еске салсақ, мамыр айында электронды және электр жабдықтарын талдау бойынша әлеуметтік шеберхана іске қосылды. Ескі заттың бәрі осы жерге жіберіледі. Кейін мұнда әрбір электр құрылғысы құрамдас бөліктерге бөлінеді: металл, пластик, шыны және тақталар.

Айта кету керек, әлеуметтік жоба аясында 15 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары