Тікелей эфир

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі 28 қаңтарда өтеді

Съезд елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өтеді.

Nur Otan партиясы 28 қаңтар күні кезектен тыс съезін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады. 

"Nur Otan партиясы саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн форматта өтеді", – деп жазды Бауыржан Байбек Twitter парақшасында. 


Оқи отырыңыз: "Ел астанасынан ешқайда кетпедім". Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады


Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасап, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланатынын мәлімдеді. 

Серіктестер жаңалықтары