Салтанат Нүкенованың отбасының мүддесін қорғайтын адвокат Жанна Уразбахова Қуандық Бишімбаев тарапының өтінішіне қарсылық білдірді.
Алдын ала тыңдау барысында сотталушының қорғаушылары Ләйлә Рамазанова мен Назкен Құсайынова мейрамхананың бейнебақылау камерасындағы бейнежазбаларды іс материалынан алып тастауды сұрады.
"2023 жылдың 11 қарашасында тергеуші Жамалиева мейрамханадан хаттама орнату үшін техникалық маман тағайындауды сұрады. Арнайы білімі бар іске мүдделі емес адам маман ретінде тартылуы мүмкін. Қатысу үшін маман шақырылуы мүмкін, бірақ шақырылмаған. Белгіленген маман қай білім саласына жататынын анықтайтын құжаттар жоқ", – деді Назкен Құсайынова.
Өз кезегінде Жанна Уразбахова жазбаларда жәбірленуші Салтанат Нүкенованың денесінің өмірлік маңызды мүшелеріне бірнеше рет бағытталған нысаналы соққылар анық көрсетілгенін, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оның қайтыс болғанын атап өтті. Атап айтқанда, Нүкенованың басына қатты затпен 12-13-тен астам соққы берілген.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соғу сияқты қылмыстың объективтік жағынан белгілі бір сақтық ережелерін бұзатын және басқа адамның өліміне әкеп соқтыратын іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер жатады. Мысалы, егер жәбірленушінің кез келген затқа, тасқа, бордюрге итеру мен соғуынан құлау нәтижесінде өлімге әкелетін болса. Сонымен бірге, қылмыстық іс материалдарында фото және бейне дәлелдемелерден болған оқиғаның суреті анық көрінеді – бұл жәбірленуші Нүкенованың өмірлік маңызды органдарына бағытталған мақсатты шабуылдар. Осылайша, жоғарыда келтірілген дәлелдемелерді жоққа шығару мүмкін емес", – деп толықтырды адвокат.
Оқи отырыңыз: Қорғаушы тарап Бишімбаевтың қатысуымен мейрамханада тергеу экспериментін жүргізуді сұрайды
Заңгер Игорь Вранчев жазбалар жойылғаннан кейін қалпына келтірілуі керек екенін түсіндірді. Оның айтуынша, алып тастаудың мақсаты анық – қылмыс ізін жасыру.
Зардап шеккен тараптың адвокаттары соттан Бишімбаевтың қорғауының барлық өтініштерін қанағаттандырмауды сұрады.