Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдікті болып отырған Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова сарапшылар Салтанат Нүкенованың өлімінің себебін түсіндірген сот-медициналық сараптаманың қорытындысын жариялады.
Мәйіттің сот-медициналық сараптамасының деректеріне сүйене отырып, сарапшылар келесі қорытындыға келді:
"Нүкенова оң жақ маңдай-желке-шүйдедегі субдуралды қанды ісігі бар жабық бассүйек-ми жарақатынын көз жұмды. Сондай-ақ дислокация синдромы дамып, ми бадамша бездері желке саңылауына кіріп кеткен. Осының салдарынан орталық жүйке жұмысының қызметі, тыныс алу мен жүрек соғысы тоқтаған. Осы өлімнің басты себебі болды. Мәйітке тән белгілерге зер салсақ, марқұм сараптама жүргізілерден бір тәулік бұрын көз жұмған", – деп оқыды Жанна Уразбахова.
Сараптама 2023 жылғы 10 қарашада жүргізілді. Сот-медициналық сараптамасы кезінде Нүкенованың денесінен келесі жарақаттар табылды: жабық бассүйек-ми жарақаты, бет, сол жақ құлақша, сол жақ құлақтың сол жақ аймағының жарақаты, мұрын сүйегінің сынуы, көгерген жерлер, сыдырылған жерлер және көгерген жаралар. Иек аймағы, беттің жұмсақ тіні, мұрын аймағы, жақтың жоғары бөлігі, бастық жұмсақ тіні, оң жақ фронто-париетальды аймақ және қабырға астынан қан кеткен. Мұнымен қатар сол және оң жақ самай аймағында, орталықта, желке аймағында, жедел субдуральды гематома пайда болған және т.б.
Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік кадрлар екенін ескертеміз! Сотта Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан сәттің видеосы көрсетілді