Тікелей эфир

Несиесін төлей алмай жүргендердің қарызы қанша уақыттан кейін кешіріледі?

Елімізде азамат жылдар бойы несиесін өтемесе қарызы кешірілуі мүмкін.

Елімізде азамат несиесін үш жыл бойы төлей алмаса қарызы есептен шығарылуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Өйткені, қарыз беруші ұйым заңға сәйкес дәл осы аралықта ақшаны өндіріп алуға міндетті.

The hodl ақпараттық арнасының мәліметінше, елімізде азамат жылдар бойы несиесін өтемесе қарызы кешірілуі мүмкін.

Дегенмен, мамандар мұндай жайттар өте сирек кездесетінін айтады. Ал заңгерлер осындай жолмен қарыз кешіріледі деп ақшаны өтемей жүрудің өзі заңсыз дейді. Өйткені, бұл тұста займ берушінің де құқығы бұзылады.

Заңгер борышкерлерге қарызын өтеуге мүмкіндігі болмаса қаржы ұйымына қаржыны бөліп төлеу өтінішімен шығу қерек дейді. Бұл екі тараптың да ортақ келісімімен жүзеге асады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары