Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының профильді қауымдастықтары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін микрокредиттерге қолжетімділікті кеңейтетін заңнамалық түзетулерді қабылдау туралы ұсыныс жасады. Қауымдастық басшысы Ерболат Омархановтың айтуынша, микроқаржы ұйымдарының жұмысын шектеу шаралары азаматтардың заңсыз несие берушілерге жүгінуіне жол ашады.
АККЗАС төрағасы Дулат Тастекеев реттеуші автокөлік кепілге қойылған кезде автокөлік сатып алуға және басқа да кәсіпкерлік мақсаттарға берілетін микрокредиттер бойынша тәуекелді бағалауда түрлі тәсілді қолданатынын атап өтті. Оның пікірінше, автокөлікті кепілге қойған кезде, алынған қарыздың мақсатына қарамастан, қарыз алушы қандай да бір себеппен өз қарызын өтей алмаса, бұл көлік құралы кез келген уақытта сатылуы мүмкін. Бұл ретте автомобильдің нарықтық құны әрқашан микрокредит сомасын толық жауып шығады.
Оқи отырыңыз: Тәжірибесі жоқ жас мамандар қай салада 1 млн теңгеге дейін жалақы алады?
"Біз клиенттер үшін есептелген КДН-нің нормативтік талаптарға сәйкес келмеуі себепті шағын қарыз ала алмай отырғандары туралы жүздеген шағымдарды тұрақты түрде алып отырамыз. Сонымен қатар, қарыз алушы сол автомобильді кепілге қою арқылы автокөлік сатып алу үшін микрокредит алмақ болған кезде, қолданыстағы ережелер микроқаржы ұйымына КДН есептеуді міндетемейді. Алайда клиенттің автокөлігі қамтамасыздандыру мақсатында ескерілген жағдайда, бірақ қарыздың мақсаты автокөлік сатып алуға байланысты болмаған кезде жағдай өзгеріп сала береді. Реттеуші қолданатын тәсілдердегі мұндай айырмашылық бізге түсініксіз. Өйткені, айқындамаға орай машина иесінің жағдайы кедейлік деңгей шегінен төмен бола алмайды және олар тұтынушылық мақсатта алған қарыздарын төлей алады", – деді Тастекеев.
Ерболат Омархановтың айтуынша, халықтың микрокредиттерге қолжетімділігін шектеу салдарынан көлеңкелі кредит беру саласын кеңейту үшін жағдайлар жасалып жатыр. Сонымен қатар, реттеуден басқа, МҚҰ әлеуетін дамыту және кеңейту туралы ойланатын кез келді.
"МҚҰ халықтың дәстүрлі банктік қарыздары қолжетімсіз бөлігіне кредит беру қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте микроқаржы секторы азаматтардың борыштық жүктемесінің өсуінің триггер болып табылмайды. Өйткені ресми деректерге сәйкес, банктер мен банктік емес кредиттік ұйымдардың жалпы кредиттік портфеліндегі МҚҰ үлесі 6 пайыздан аспайды. Тұтынушылық кредиттеу сегментін қысқарту жөніндегі шаралар өзін жұмыспен қамтыған, яғни ресми расталған кірісі жоқ азаматтарды несиелік қызмет саласынан шығарып тастайды, олардың көлеңкелі, заңсыз кредиторларға ғана барудан басқа амалы қалмайды", – деді Ерболат Омарханов.
Оқи отырыңыз: Экономист: Ұлттық қорға қол салып, қарызға бату дұрыс емес
Оның сөзінше, қазірдің өзінде БАҚ-та қаржылық реттеушінің лицензиясы жоқ болса да қызмет көрсетуші компанияларды анықтап отырғандығы туралы ақпарат пайда болып жатыр. Бұдан басқа, кредиттеу нарығында тең шарттардың болмауы да байқалады.
"Мысалы, МҚҰ қарызды бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алуға құқылы емес, ал банктерге қатысты мұндай тыйым белгіленбеген. Тағы бір мысал: қарыз алушының кірістерін айқындайтын критерийлерден борыштық жүктеме коэффициентін есептеу қағидаларына енгізілген жуырдағы түзетулерден осы кезге дейін МҚҰ пайдаланып келген кредиттік бюродан түсетін мәліметтер алынып тасталған. Оның орнына банктік транзакциялар бойынша қарыз алушының табысын айқындайтын критерийлер қалдырылды, ал оған МҚҰ тікелей оған қол жеткізе алмайды", – деді Ерболат Омарханов.
Сонымен қатар, Ерболат Омарханов микрокредит беру нарығына қатысушылардың тең бәсекелестік жағдай жасауға, сондай-ақ МҚҰ әлеуетін кеңейтуге бағытталған ұсыныстары мен бастамаларының көпшілігі, өкінішке орай, әлі күнге дейін назардан тыс қалып отырғанын атап өтті.