Тікелей эфир

Назарбаев: Туыстарым менің атымды жамылып заң бұзса, жауапқа тартылуы керек

Тұңғыш президент заң баршаға ортақ екенін еске салды.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында өз туыстарының заңға қайшы әрекеттеріне қатысты сауалға жауап берді.

"Біз Қазақстанда көп жылдан бері құқықтық мемлекет құрып келеміз. Заң – баршаға ортақ. Бұл мемлекеттің негізін қалаушы принцип. Егер менің туысқандарым арасында кейбіреулер заң бұзу үшін менің атымды жамылған болса, олар тиісті жауапкершілікке тартылуы керек. Айыбы сот тәртібінен дәлелденуі тиіс. Әрбір азаматтың қорғауға заңды құқығы бар екенін ұмытпау керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол Рахат Әлиев туралы еске алып, оның тағдырынан мысал келтірді.

"Рахат Әлиевтің оқиғасы бәрінің есінде деп ойлаймын. Ол менің қызымның күйеуі болды. Менің баламмен бірдей, немерелерімнің әкесі. Бірақ, бұл мемлекеттің оның заңға қайшы әрекеттеріне көз жұма қарауына себеп болған жоқ. Ол Қазақстанның заңнамасына сәйкес сотталды. Бірақ, ашып үлгеріп, өмірінің соңына дейін тығылып жүрді. Аянышты тағдыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Оқи отырыңыз: "Ел астанасынан ешқайда кетпедім". Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады


 

Серіктестер жаңалықтары