Наурыздағы ҰБТ: тестілеу кезінде ереже бұзған 95 адам аудиториядан шығарылды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
ҰБТ өткізу барысында 235 ереже бұзушылық анықталды.

159 мыңнан астам адам наурыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,2%-ы қазақ тілінде, 23,7%-ы орыс тілінде, 124 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

ҰБТ-да шекті балды 75,5%-ке жуық талапкер жинады. Орташа балл 69 (5 пән бойынша) құрады. Ең жоғары балл – 140, оны Алматы облысының талапкері жинады.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі: "Биология-Химия" комбинацияларын - 17,3%; "Математика-Физика" пәндерін - 17,1%; "Математика-Информатика" - 10,5%; "Химия-Физика" комбинацияларын – 171 адам тапсырған.

"Наурыз ҰБТ-сының қорытындысы бойынша мектеп түлектері "Оқу сауаттылығы" пәнін жоғары деңгейде тапсырған. Орташа есеппен сұрақтардың 77,9%-іне дұрыс жауап берілген. ҰБТ өткізу барысында 235 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 85 талапкер смартфон,шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып кірген. Тестілеу кезінде ереже бұзған 95 адам аудиториядан шығарылды, ал 55 адамның сертификаты тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды" – делінген хабарламада.

Талапкер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляция беру мүмкіндігіне ие. Бұл жолы 22 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 17-сі қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысы аяқталды, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары