Синоптик мамандар 21-23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
“21 наурыздан бастап Ұлытау, Павлодар, 22 наурыздан бастап Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндізгі температура біртіндеп 3-13 градус жылиды деп күтіледі”, – делінген Қазгидромет хабарламасында.
22-23 наурызда жауын-шашын, яғни жаңбыр, қар күтілетін Солтүстік циклон шұңқыры солтүстік аймақтардың аумағына ауысады.
Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?
20 мен 22 наурыз аралығында ауа температурасының көтерілуі болжамына байланысты Қостанай облысындағы елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суларымен су тасқыны қаупі болуы мүмкін. 20 мен 21 наурыз аралығында Ұлытау (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігі) облысында күннің жылынуына сәйкес қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі сақталады, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.