Тікелей эфир

Мусин отандық IT-компанияларға бірқатар жеңілдік беруді ұсынды

Ұсыныс қолдау тапса, IT-мамандарының әскери қызметі кейінге қалдырылады.

Үкімет үйінде өткен премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында IT-саласын қолдау және дамыту мәселесі талқыланды. Бұл туралы Үкімет сайты хабарлады. 

Жиында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин отандық IT-компанияларға бірқатар жеңілдік беруді ұсынды.

Олар:

  • IT-мамандарына әскери қызметті кейінге қалдыру;
  • отандық IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдікті кредит беру;
  • Astana Hub технопаркінде эксаумақтылық қағидаты бойынша салық преференцияларының қолданылуын 2029 жылға дейін ұзарту.

Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық танытатын IT-мамандарынан келіп түсетін сауалдарға жедел жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері кірді.


Оқи отырыңыз: Шолпан Қаринова: "Цифрлық сауат" пәні енгізілгеннен оқушылардың апталық жүктемесі артпайды


Жұмыс тобы қазірге дейін іске асырған шаралар:

  • Қазақстанға келуге мүдделі компаниялармен қарым-қатынас жолға қойылды.
  • Өзекті ақпаратты алу үшін елге кіру, тұру және компания ашу туралы, сондай-ақ IT-саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық нұсқаулықтары бар веб-сайт жасалды.
  • Әлеуметтік желілерде қатысушылар бизнесті жүргізуге қатысты сұрақтарға шұғыл түрде жауап ала алатын топ құрылды.
  • IT-компанияларды көшіру кезінде қолдау көрсететін бейінді ведомстволармен жұмыс ретке келтірілді.
Серіктестер жаңалықтары