
Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліс отырысында соңғы жылдары білім беру саласына енгізілген өзгерістер туралы баяндады.
"Мұғалімдер – еліміздегі ең ірі кәсіби қауым. 500 мыңнан астам педагог – Қазақстанның болашағын қалыптастыратын жандар. Білім – жарық. Егер мұғалімнің шамы сөніп қалса, барлық қоғам қараңғыда қалады. Сондықтан да мемлекет басшысы реформаларды дәл осы ұстаздардан бастады. 2018-2019 жылдары мұғалімдердің орташа жалақысы небәрі 109 мың теңге болса, қазір ол екі, тіпті үш есеге өсті", – деді депутат.
Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов ұстаздарға кәсіби міндетінен тыс жұмыс жүктеуге заңмен тыйым салынғанын айтты.
"Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Мәжбүрлі түрде газет-журналдарға жазылу, көше сыпыру, үй аралау, шексіз есеп беру міндеттері заңмен тоқтатылды. Бүгін осындай жағдай орын алса, оған қоғамның өзі қарсылық танытып, резонанс тудыратын жағдайға жеттік", – деді депутат.
Оқи отырыңыз: Депутат Ермұрат Бапи: "Ескілердің" қарсылығы Қаңтардан кейін де дамыл тапты дей алмаймыз.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұрын түлектер мүғалім мамандығын амалсыздықтан, абыройлы мамндыққа түсе алмағаннан таңдайтын. болса, қазір ол беделді мамандықтардың қатарына кірген. Мысалы, "педагогикаға" түсетін түлектердің орташа баллы 2019 жылы 55 балл болса, қазір ол 100 баллдан асқан.