"Моана 2" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі көрсетілімдері екі есе артты

Қазақша сеанстар кешкі уақытқа да қойылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі кинотеатрлармен байланысып, "Моана 2" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі көрсетілімдері екі есе арттырды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі

"2024 жылдың 28 қарашасынан бастап елімізде Disney компаниясының "Моана 2" анимациялық фильмі көрсетілуде. Сонымен қатар, биыл алғаш рет Disney мен Pixar студиялары "Ойжұмбақ 2", Disney студиясы, "Муфаса: Арыстан патша" деп аталатын анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды. Айта кету керек, осы бастамалардың арқасында қазақтілді сеанстар саны екі есеге артты. Бұл қазақ тілінің және мәдениетінің жастар арасында танымал болуына, сондай-ақ ұлттық тіл мен мәдениетті сақтау мен дамытуға үлкен үлес қосуда", – делінген министрліктің хабарламасында. 

Еске салайық, "Моана 2" анимациялық фильмінің премьерасы басталмай жатып, әлеуметтік желіде шу туғызған болатын. Оған себеп – премьера күнгі 52 сеанстың үшеуі ғана қазақ тілінде болуы. Оның үстіне, үш сеанстың өзі күндізге – жұмыс уақытына қойылған еді. 


Оқи отырыңыз: 52 сеанстың үшеуі ғана қазақша: "Моана 2" фильмінің Алматыдағы премьерасы сынға қалды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары