Тікелей эфир

Миллион теңге жалақы алу үшін қай салада қызмет ету керек?

2023 жыл қорытындысы бойынша мұндай алты саланы айтуға болады.

Қазақстанда жұмысшысының жалақысы 1 миллион теңгеден асатын қызмет салаларының тізімі жасалды. Finprom.kz порталының зерттеуінше, 2023 жыл қорытындысы бойынша мұндай алты саланы атауға болады. Олар: 

  • Теңіз жүк тасымалы;
  • Қаржы және сақтандыру қызметі;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
  • Әуе тасымалы;
  • Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;
  • Бас компания жұмысы мен басқару бойынша кеңес беру. 

2023 жылдың соңғы төрт айында міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы жалақы көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен. Ал бұл мерзімдегі Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемі 393,6 мың теңге шамасында болды. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады


Finprom.kz, сондай-ақ, жалақысы 3,5 миллион теңгеден асатын 10 лауазымды да атады. Олардың алтауы – басшылық лауазымдар. Көш басында саула компаниясының басқарма төрағасы тұр. Бұл қызмет иелерінің орташа жалақысы – 5,8 миллион теңге. Үздік үштікке, сонымен қатар инженерлер (5 млн теңге) мен мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) енген. 

Ал ондықта мұнай-газ компаниясының корпоративтік хатшылары, аудармашылар, диспетчер-операторлар, маркетологтар, сауда агенттері және басқалар бар. 

Серіктестер жаңалықтары