Тікелей эфир

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

Қатысушылар өтінімді 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

Қазақстанда жыл сайын өткізілетін "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды. Аталған конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең, деп хабарлайды ҚР АҚДМ баспасөз қызметі. 

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

Жалпы ережелері

1. Конкурс өткізудің мақсаты:

  • отбасы институты, адамгершілік, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
  • ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
  • отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
  • қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ, қоғамдық пайдалы қызметке атсалысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

4. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.


Оқи отырыңыз: Шетелдегі қандастар Қазақстан ЖОО-ларына ҰБТ тапсырмай түсе алады. Бұл үшін "Отанға барар жол" байқауына қатысу керек 


Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

1. Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).

2. Жергілікті атқарушы органдар облыс, қала, аудандарда мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттары арасынан конкурстың жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия құрады, сондай-ақ, ол туралы ереже, іріктеу өлшемшарты және конкурсты өткізу форматын бекітеді.

3. Осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:

  • ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмеcі, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмеcі;
  • асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
  • неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
  • ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  • балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  • заңды және жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
  • отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  • қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Оқи отырыңыз: Шымкентте "Менің ғұмырдариям" атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді 


"Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды", – делінген хабарламада. 

Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін жыл сайын ұйымдастыру комитеті отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін тапсыра отырып өткізеді. Қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

Байқау лауреаты атағы қайталап берілмейді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары