Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша екінші сотталушы Бақытжан Байжанов айыпталушы Қуандық Бишімбаев құқық қорғаушысымен бірге өз жағына шығару үшін тергеу изоляторына бірнеше рет келгендерін айтты.
Айғақ беру кезінде адвокат Ғазиз Ынтықбаев Бақытжан Байжановтан Қуандық Бишімбаевтың қысымы туралы толығырақ айтуды сұрады.
«Иә, Бауыржан Мусин маған төрт рет келді. 22.00-ден кейін мені камерадан шығарды. Оның жанына бардым, қасында Бишімбаев тұр. Ол кездесу ұйымдастырғыы келді. Мен бірден бұрылып, кетіп қалдым. Әкімшіге енді маған келмеуін сұрамадым, өйткені мен оның маған келуін ешкімнен сұраған жоқпын., мен де, адвокаттар да сұраған жоқ. Ол сонда да екі-үш рет келіп, мені Салтанаттың отбасына қарсы қоймақ болды. Бауыржан Мусиннің кім екенін білмеймін», – деді Бақытжан Байжанов.
Оның айтуынша, Бишімбаев тек бір барған, қалған жағдайларда Мусин тергеу изоляторына жалғыз келген. Ол оқиға болған күні Нүкенованың мас болғанын алға тартқан.
Оқи отырыңыз: "Жаным ауырып, қайғырып тұрмын": Сотталушы Байжанов Нүкенованы өлтіру ісі бойынша куәлік берді
Бауыржан Мусин – құқық қорғаушы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, 2018 жылы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған. Бұған дейін ол Гүлбан Әбеноваға берген сұхбатында сотталушы Қуандық Бишімбаев болған оқиғаның мән-жайын айтып бергенін айтқан. Мусин Бишімбаевты қорғап сөз сөйледі.
Бұрынғы сот отырыстарының бірінде Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне қысым көрсетіп жатқанын айтып, оларды екі бөлек отырғызуды сұраған. Кейінірек ол Бишімбаев одан жедел жәрдемді бірге шақырғанын растауды сұрағанын, әйтпесе Байжановты қарғайтынын айтқаны туралы мәлімдеді.