Мәжіліс отырысында депутат Геннадий Шиповских Ауыл шаруашылығы вице-министріне қазақ тілінде сауал қойып, ветеринария саласын цифрландыру туралы сұрады.
Вице-министр Жеңіс Өсербай депутаттың сауалына орыс тілінде жауап берді. Осыған байланысты мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева вице-министрге ескерту жасады.
"Барлық мемлекеттік қызметкер қазақ тілін, мемлекеттік тілді білуі керек. Сондықтан ол бойынша да дайындалып келуіңіз қажет", – деді мәжіліс төрағасының орынбасары.
Еске салайық, мәжіліс отырысында Қазақстандағы балық шаруашылығы мәселесі қаралып жатыр. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндамасында "балық шаруашылығы" мамандығын оқыған мамандарды осы салад үш жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды.
Оқи отырыңыз: Брекешев "Балық шаруашылығын" оқыған жастарды салада 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды