Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше мән беріледі.
Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне келіп түскен өтініштер бойынша қызмет алушылардың бұзылған құқықтары тұрақты негізде қалпына келтіріледі. Жүргізілген талдау нәтижелері азаматтар тарапынан түскен шағымдардың көпшілігі жер қатынастары және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы іс-әрекеттерге қатысты екенін көрсетті.
Атап айтсақ, көрсетілетін қызметті алушының арызын қарау барысында жеміс жидек сатуға арналған павильон салу үшін жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзарту туралы өтінішіне Орал қаласының әкімдігімен негізсіз бас тартылғаны анықталды. Негізсіз бас тартқаны үшін Орал қаласының лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, департаменттің ұсынысы бойынша Орал қаласы әкімдігімен негізсіз бас тарту шешімі қайта қаралып 1 жылға ұзарту туралы оң шешім шығару арқылы бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй беру туралы шағымын қарау нәтижесінде негізсіз бас тарту фактісі анықталып, департамент тарапынан бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыным беріліп, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, қызмет көрсетуші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларында көзделмеген негіздермен бас тартқан. Сонымен қатар, департаментінің араласуы нәтижесінде қызмет алушыға тұрғын үйді беру туралы оң шешімі шығарылды. Қашықтықтан жүргізілетін мониторинг қызмет көрсетушінің қызметіне кедергі келтірмей мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бақылауда ұсталады.
Атап өту керек, биыл барлық өңірлерде агенттіктің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram арналары іске қосылды.
Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген. Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, департамент қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайды. Осылайша, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау аясында департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тиісті бақылаумен қамтиды.
Департамент шағымдарды қараумен шектелмей, қашықтықтан мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік қызеттерді көрсетуді сүйемелдейтін ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұйымдастырып, тексеру объектісіне бармай-ақ бұзушылықтарды қашықтықтан анықтап, оларды жою және алдын алу бойынша тиісті шаралар қолданылады.
Атап айтсақ, осындай мониторинг шеңберінде департаментпен осы жылы Батыс Қазақстан өңірі бойынша 67 бұзушылықтар анықталып, ұйғарымдар енгізілген. Бақылау шаралары нәтижесінде 47 мемлекеттік қызметке жауапты тұлғалардың жауапкершіліктері қарастырылған.
Анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, негізсіз бас тарту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін бұзу фактілері болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа тәсілдерді қолдана отырып бақылауды жүзеге асыратын болады. Ол дегеніміз қызмет алушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге үлкен әсерін тигізетіні сөзсіз.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті