Тікелей эфир

“Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін”: Шымкентте төрт тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 14,5 миллион теңгені құрады.

Шымкентте төрт бірдей тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Қалалық полиция департаментінің Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз әйел адам Шымкент, астана, Түркістан қалаларынан жағдайы төмен отбасыларға пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, 7 млн теңге ақшасын алып, қайтармай қойған.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігімен тіркелді. Шымкенттік тәжірибиелі полицейлер қылмысты дер кезінде ашып, алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде, бұл жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын ұсталды. Белгілі болғандай, жас келіншек оңай жолмен ақша табу мақсатында дәл осылай бірнеше тұрғынды алдап келген", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қызылордада тұрғындардың қымбат көлігін алдап сатып жіберген алаяқ ұсталды


Күдіктінің жалпы алаяқтықтың 4 жайтына қатысы бары анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 14,5 миллион теңгені құрады. Қазіргі таңда алаяққа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр..

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары