Олардың үздігі мемлекеттік қаржыландыруға ие болады және ұлттық фильмдер ретінде танылады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 9-29 тамыз аралығында қабылданды, деп хабарлады Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.
Осы кезеңде киноиндустрия өкілдері үшін төрт бағыт бойынша консультациялық қолдау ұйымдастырылды. Киноорталығының Алматы және Астана қалаларындағы кеңселерінде жеке консультациялар, телефон арқылы, әлеуметтік желі арқылы онлайн қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, киножобаларды іріктеу ережелерін түсіндіру мақсатында ашық семинар-тренинг өтті.
"Электронды түрде тіркелген өтінімдердің жалпы саны – 271, оның ішінде қағаз жүзінде 261 өтінім келіп түсті. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша 115 киножоба питчингке өтті. Енді оларды Сараптамалық кеңес мүшелері 8 қыркүйектен бастап 3 қазанға дейін қарастырады. Іріктеу кезеңінен өтпеген қатысушыларға үш жұмыс күні ішінде ресми хаттар жіберіледі, онда өтінімдерді қабылдамау себептері көрсетіледі", – делінген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Кинорежиссер: Әрбір қалада коммерциялық емес кинотеатр ашу қажет
Питчингке өткен киножобалардың тізімі және ашық қорғауды өткізу кестесі сілтеме бойынша қолжетімді. Ашық қорғау биыл 3-5 қазан аралығында өтеді және Киноорталықтың ресми YouTube каналында онлайн-режимде көрсетіледі.