Тікелей эфир

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы реформалардың берік тірегіне айналды, деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады

"Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы. Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді. Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз", – деді президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. 

"Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз. Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды және оның құрамын кеңейтуді қуаттайды


 

Серіктестер жаңалықтары