Тікелей эфир

Мемлекет басшысы: Елордада педагогикалық ЖОО ашу туралы ұсынысты қолдаймын

Астанада жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Астанада сапалы білім беру қызметінің қолжетімді болуы аса маңызды екенін атап өтті.

"Астанада баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр. Көптеген мектепте оқушылар саны жоспарлы межеден артық. Шын мәнінде, үш ауысымды оқыту жүйесі сақталып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Қалада жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына басымдық беру қажет. Сондай-ақ, 15 қосымша білім беру нысанын салу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Үлескерлерден заңсыз қаражат жинау – өте қауіпті үрдіс


Мемлекет басшысы Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіліп отырғанын айтып, жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жататынын хабарлады.

"Сондықтан, елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл – дер кезінде көтерілген бастама. Сол арқылы салынып жатқан мектептерге қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік туады. Үкімет педагогикалық оқу орнын ашуды және көпбейінді аурухана салуды мұқият пысықтауы қажет. Қаражат мәселесін шешу керек. Әділетті қоғамды құру үшін, ең алдымен, өскелең ұрпақтың жан-жақты, толыққанды дамуын қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мектептердегі білім беру ісі балалардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, инклюзивті әрі барлық бала үшін қолжетімді болуға тиіс", – деді президент.

 

Серіктестер жаңалықтары