Жалпы балабақша мен мектеп қабырғасында және коллежде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын бір жүйеге келтіру мақсатында Жаңа Қазақстанның жастарын қалыптастыруға бағытталған "Білім беру ұйымдарындағы біртұтас тәрбие беру" тұжырымдамасын әзірлеу қажет, деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов республикалық тамыз конференциясында.
"Бұл тұжырымдама балаларды білімге құштарлыққа, жаңа кәсіптер мен ғылымға ұмтылуға, жаңашылдық пен креативті болуға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, отансүйгіштік пен тарихты құрметтеуге, салт-дәстүріміз бен өмір сүруге тәрбиелеуге бағытталуы тиіс", – деді Ералы Тоғжанов.
Премьер-министрдің орынбасры республикадағы үздік мектептердің, білікті педагогтардың, ғалымдардың, ата-ана қауымдастығының қатысуымен жұмыс тобын құра отырып, тез арада тұжырымдаманы әзірлеуге кірісуді тапсырды.
"Бұл тұжырымдама әрбір ұстаз бен мектептің басты құжаты болуға тиіс", – деді Ералы Тоғжанов.
Оқи отырыңыз: Ата-аналардың 60 пайызы баласының мектепте не оқып жатқанына мән бермейді