Тікелей эфир

Мектептер эксперименттік оқу бағдарламаларын өз қаражатына әзірлейді

Бағдарламаларды сынақтан өткізу Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына жүктелмек.

Оқу-ағарту министрлігі Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Оған сәйкес, білім беру ұйымдары эксперименттік оқу бағдарламаларын және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, сынақтан өткізу, енгізу шығындарын өзі өтейді.

Бұл ретте мектептер бағдарламаларды сынақтан өткізу үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен шарт жасап, оларды қызмет ақысын төлеуге міндеттеледі.

Сондай-ақ, ереженің жаңа мазмұнына сәйкес, білім беру бағдарламалары қазақстандық келесі пәндер элементтерін қамтуы тиіс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы және Қазақстан географиясы.

Мұның есесіне білім беру ұйымдары жалпыға міндетті үлгілік жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын орындаудан босатылады.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, бұған дейін эксперименттік білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізу және енгізу туралы шешімді өңірлік білім басқармаларының немесе мемлекеттік органдардың жанынан құрылған сараптамалық топ қабылдайтын. Енді бұл міндет Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына жүктеліп отыр.

Серіктестер жаңалықтары