Тікелей эфир

Мектепте тарих пәні бойынша енді ауызша емтихан тапсыруға болады. Тарихты оқытуда тағы қандай өзгерістер бар?

Ғылыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, мектепте сабақ бере алады.

Биыл Петропавл қаласында өткен тарих пәні мұғалімдерінің съезі өткен болатын. Съезде айтылған ұсыныстар бойынша нақты шешімдер қабылданған. Соған орай, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде тарих пәнін оқытуда енгізілетін өзгерістер туралы жазды.

Қабылданған шешімдер:

  • Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары мектептердің бәрі үшін бірыңғай және базалық болады.
  • ЖОО-нда қазіргі "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының" орнына "Қазақстан тарихы" пәні оқытылады, яғни бағдарлама тарихтың басқа да кезеңдерін: ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды.
  • Ғылыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, мектепте сабақ бере алады.
  • Бағалау бойынша өзгерістер енгізіледі. Қорытынды аттестаттау бұрынғыдай жазбаша ғана емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі.
  • Петропавлда Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты секілді ҒЗИ филиалдары ашылып, ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыздар: Гарвард профессоры Нұрлан Кенжеахмет: Қазақ тарихының тағдыры ел ғалымдары мен үкіметінің қолында 


Білім министрінің айтуынша, съезде айтылған тағы бірқатар ұсыныстар бағдарламаларды жаңарту жөніндегі сарапшылар тобында қосымша қаралады. Оның қатарында келесі ұсыныстар бар:

  • 5-сыныпта Қазақстан тарихынан бұрын мектеп бағдарламасында болған және осы жастағы оқушылардың түсінігіне қолжетімді тақырыптарды қайтару;
  • "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндерінің оқу бағдарламасы мазмұнын жаңарту;
  • Материалды сынып бойынша бөлуді өзгерту. 
Серіктестер жаңалықтары