Тікелей эфир

Медицина ұйымдары ақы кешіктірілгені үшін көмектесуден бас тартса, қайда шағымдануға болады?

Бұл мақсатта Qoldau 24/7 ұялы қосымшасын пайдалануға болады.

Медицина ұйымдарының шарт міндеттемелері шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуден бас тартуына құқығы жоқ, деп хабарлады медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Науқасқа медициналық қызметтерге ақы төлеуді кешіктіруі себебінен көмек көрсетуден бас тартса, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе fms.kz ресми сайты арқылы медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады. 

"Қор бюджетте көрсетілген мөлшерден артық соманы төлей алмайды. Ұйымдар тарапынан қосып жазу фактілері мен басқа да бұрмалау әрекеттері көбейген жайдайда тексерулер жүргізілуге тиіс. Төлемді төлеу және жоспардан тыс мониторинг жүргізу бастамасын қарау үшін медицина ұйымдары мониторинг жүргізу қағидаларының 50-тармағына (ҚР ДСМ № 321 бұйрығы) сәйкес қорға жүгінуі қажет", – делінген ақпаратта.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары