Медеу мұз айдынын жаңғырту жұмыстары 3 жылға созылады

Медеу мұз айдыны. Фото: Информбюро порталы
Медеу мұз айдыны. Фото: Информбюро порталы
Жаңғырту жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

Алматы қаласындағы Медеу мұз айдынын жаңғырту жұмыстары 2025-2027 жылдарға жоспарланған. Ол Алматы қаласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қаланың бюджеті есебінен жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. 

Жаңғырту жұмыстарынан кейін Медеу мұз айдыны Халықаралық коньки тебушілер одағының (ISU) талаптарына сай болады, сәйкесінше, Қазақстан коньки тебу спорты және мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық жарыстарды өткізе алады. Сондай-ақ жаңғырту жұмыстары мұз айдынында допты хоккей (бэнди), мұздағы спидвей және өзге де спорт түрлері бойынша халықаралық деңгейде жарыстарды өткізуге мүмкіндік ашылады. 

Еске салайық, Медеу мұз айдыны жаңғыртылатыны туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев хабарлаған болатын. Әкім 2023 жылғы аудит мұз айдынының сенімділігін көрсеткенін құлаққағыс етіп, енді инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қажет екенін айтқан болатын. 

2024 жылы Медеу мұз айдынына 400 мыңнан астам адам барған. 


Оқи отырыңыз: "Медеу" мұз айдынының жаңа маусымы 2 қарашада ашылады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары