Тікелей эфир

Мәжіліс депутаты зейнет жасы туралы: халықтың қалауы мен елдің мүмкіндігі әртүрлі

Депутат зейнет жасы әр елдің экономикалық мүмкіндігіне байланысты бекітілетінін айтты.

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас қылып бекіту туралы айтқанын өте орынды ұсыныс деп санайтынын жеткізді. Оның айтуынша, мұны басқа елдердегімен салыстыру дұрыс емес. Зейнетке шығу жасы әр елде әртүрлі болады. Өйткені, елдердің экономикалық мүмкіндігі әртүрлі. Сәйкесінше, өз елімізге, оның экономикалық мүмкіндіктеріне қарау керек.

"Көпшілік 58 жас болады деп күткенін айтуы мүмкін. Алайда, біздің қалауымыз басқа, елдің мүмкіндігі мен экономикасы басқа. Президент 2028 жылға дейін зейнет жасы 61 жастан аспайды десе, демек бұл әбден ойланған, зерттелген шешім деген сөз. Экономистер, сарапшылар, мамандар бұл мәселені қарап, қаншалықты тиімді екенін зерттеген. Сондықтан президентке дұрыс шешімі мен дұрыс бағыты үшін рахмет айтуымыз керек. Барлық әйел бұл шешімнің дұрыс екенін түсінеді деп ойлаймын", – деді депутат.

Наталья Дементьева депутаттардың парламент сайлауының жуық арада болатынын біліп жүргенін айтады. Алайда нақты күнін білмеген. 

"Мені таң қалдырғаны – күзде кезектен тыс президент сайлауының да өтетіні. Бұл мен үшін жаңалық болды. Өте жылдам сияқты. Бірақ президент айтса, солай болуы керек. Біз лайықты жұмыс істеп, президент болуға лайық кандидатты қолдайтын боламыз", – деп қосты депутат.

 

Серіктестер жаңалықтары