Бұл адамдарды ата кәсіппен айналысуға ынталандыруы тиіс, дейді депутат.
Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс төрінде малшылардың мәселесін көтеріп, оларға бірқатар жеңілдіктер беруді ұсынды. Ұсыныс саны жетеу. Олар:
- малшы балаларын балабақшамен қамтамасыз ету, мектеп жасындағы балаларының жақсы білім алуына жағдай жасап, арнайы интернаттар ашу;
- ЖОО түсуге арнайы гранттар бөлу және ҰБТ-да арнайы жеңілдіктер жасау;
- малшы отбасын жылына бір мәрте тегін медициналық қызметтерден өткізіп, шипажайға демалуға жолдама беру;
- қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- зейнетке шығу жасын төмендету, 25 жыл тоқтаусыз мал баққан адамды зейнет демалысына шығару;
- "Еңбек" бағдарламасы арқылы мемлекеттен жалақы төлеу;
- білікті шаруалар мен малшыларды "Еңбек Ері" атағымен марапаттау.
Оқи отырыңыз: Камриден қымбат қошқар. Гиссар тұқымы Қазақстанның қой шаруашылығын дамыта ма?
"Кезінде малшы мәртебесі биік болғаны соншалық "Батыр, Социалистік Еңбек Ерлері" Жолсейіт Молдасанов, Жазылбек Қуанышбаев сынды аталарымыз әлі ел есінде. Аталған құрмет пен ескерулер, жағдай жасалса, малшының мәртебесі көтеріліп, біліктілігі артады. Кейінгі буын арасынан ата кәсіпке бет бұрушылар мен қызығушылардың саны көбейеді", – деді Ардақ Назаров.