Тікелей эфир

Мәжіліс депутаттары тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында облигация шығаруды ұсынды

Республика бойынша 752 үй апатты, 3024 үй тозығы жеткен деп танылған.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облигациялар шығаруды ұйымдастыру қажет. Ол "Отбасы банкі" арқылы несиелік тұрғын үйді қаржыландыру үлгісі бойынша жасалуы тиіс. Бұл жөнінде мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты. 

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша  752 үй апатты, 3024 үй тозығы жеткен деп танылған.

Депутаттың баяндауынша, мұндай пәтерлерде әдетте зейнеткерлер, аз қамтылған адамдар тұрады. Олар үшін жағдайын жақсартудың жалғыз үміті – мемлекетің көмегі.  

"Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, аталған мәселені түбегейлі шешу үшін тек жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат жеткіліксіз, сондықтан қаражатты республикалық бюджеттен де қарастыру керек. Мысалы, Атырау облысындағы апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін шамамен 34 млрд теңге қажет, Астана бойынша 115 млрд теңге және тұрғын үйді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым-мен қамтамасыз етуге қосымша 117 млрд теңге керек. Бірақ, Қаржы министрлігі бұл жобаларға республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қолдамай отыр", – деді Дүйсенбай Тұрғанов.


Оқи отырыңыз: "7-20-25" ипотекасына балама бағдарлама ашыла ма? Министр жауабы


Осы ретте депутат тұрғын үйді жаңарту мен жаңғыртудың әлеуметтік бағытын ескере отырып, бірқатар мәселелерді тез арада шешуді ұсынды. Атап айтқанда:

  1. апатты және тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру;
  2. Отбасы банкі арқылы несиелік тұрғын үйді қаржыландыру үлгісі бойынша, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облигациялар шығаруды ұйымдастыру;
  3. жалғыз баспанасы апаттыдеп танылған тұрғындардың коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіре алмайтынын ескере отырып, осы санаттағы азаматтар үшін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру.
Серіктестер жаңалықтары