Тікелей эфир

Маңғыстаудың тағы бір мектебінде оқушылар жаппай уланды

Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды.

Маңғыстау облысында тағы да оқушылар жаппай уланды. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мектеп қабырғасында 16 бала уланып қалған.

12 қыркүйекте Бейнеу ауылында Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің оқушылары аудандық жедел жәрдем бөліміне іш ауруына шағымданып келген. 

"Қабылдау бөлімінде балаларға регидратация процедурасы (жоғалтқан су мөлшерін қалпына келтіру) жасалды және инфузиялық терапия жүргізілді, яғни балаларға система қойылды", – делінген хабарламада.

Балалар сол күні үйлеріне оралған. Ал 13 қыркүйекте қайта сабаққа бара бастаған. 

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқарма мамандары мектептегі тамақ пен ауыз судан сынама алды. Оларды сараптамаға жіберді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары