Тікелей эфир

Маңғыстауда мұғалімдер тәулігіне 15 сағат "жұмыс істеп" келген

Үш жылда мектепке бюджеттен 30 млн теңге артық қаражат аударылған.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің апталық жүктемесі 77 сағатты құраған. Бұл туралы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов хабарлады

"Егер заң бойынша бір педагогқа бір жұмыс аптасында (алмастыру жүктемесімен бірге) 24/32 сағат қарастырылса, Еңбек кодексінде жұмыс аптасы 40 сағаттан аспауы керек деп белгіленген. Ал Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің аптадағы қызмет уақыты 77 сағатты құрайды", – деп жазды Дидар Смағұлов. 

Сағат санын артық жазу арқылы мектепке 2019 жылы 6,2 млн, 2020 жылы 7 млн, 2022 жылы 17,1 млн теңге ақша артық аударылған. Үш жылдағы шығын 30 млн теңгеден астам. 

"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдағы уақытта бұл мектепке аудит жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. 


Оқи отырыңыз: "Каникулға шыққысы келмейтін оқушылар бар". Ғани Бейсембаев оқу жылын ұзарту жайлы


 

Серіктестер жаңалықтары