Тікелей эфир

Мамырда ауа райы тұрақсыз, ал жауын-шашын мол болады

Қазгидромет мамырға арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды.

Мамыр бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

"Көп күн бойы жоғары температуралық фон сақталады деп күтілуде: республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова. 

Қазгидромет мәліметінге, суық толқындарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде -5 градусқа дейін, күндіз +15°C дейін; батыста және ҚР оңтүстік бөлігінде - түнде +5 градусқа дейін, күндіз +26°C дейін. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар мамырда 11 күн демалады


"Мамыр айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері еліміздің батысында, оңтүстік, орталық өңірлерінде шамадан тыс көп болады деп болжануда", – деді Қазгидрометтің баспасөз хатшысы.

Серіктестер жаңалықтары