Тікелей эфир

Малға жеке сәйкестендіру номері не үшін қажет?

ЖСН жануардың өмірлік циклінің бүкіл кезеңінде тері астындағы чипте орналасады.

Қуаңшылықтан малы қырылған шаруалардың мәселесін шешемін деген ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отставкаға кетпейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәселені Мемлекет басшысы шешеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Айта кетейік, кеше елордаға әр өңірден жиналған шаруалар Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап еткен. Алайда, шаруалармен мәмілеге келдім деген министр әр малдың жеке сәйкестендіру нөмірі болады, субсидия тек адал кәсіпкерге берілетінін айтты.


Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында мал арасында белгісіз індет тарады


Министр енді субсидия беруде қағазбастылықты жойып, ел қазынасынан бөлінетін қаржыны тек нақты шаруаны дөңгелететін қожалықтарға береміз деп отыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын да арттыруды жоспарлаған. Осылайша субсидия нағыз өнім өндірушілерге берілмек. Қарашөкеев сондай-ақ, ветеринария саласын толық цифрландырып, малдарға жеке сәйкестендіру нөмірі берілетінін айтты. Сырғаның орнына арнайы чип мал терісінің астында орналасады. Ал, ветеринарлар төрт түлік туралы ақпаратты мобильді қосымша арқылы қарай алады.

"Жануарда адамның жеке сәйкестендіру нөмірі сияқты бір ғана сәйкестендіру нөмірі болады деп болжануда. Ол жануардың өмірлік циклінің бүкіл кезеңінде тері астындағы чипте орналасады. Келесі жылы, толық пысықталғаннан кейін 2023 жылдан бастап республика бойынша кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отырмыз", – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Серіктестер жаңалықтары