Тікелей эфир

Маймылшешек індеті әлемнің 14 еліне тарады

Бельгияда індетке байланысты карантин енгізілді.

Израиль мен Швейцария мемлекеттерінде маймылшешек ауруы анықталды. Дәл қазір аталған індет 14 елде анықталып отыр, деп хабарлайды BBC ақпарат агенттігі. Екі мемлекетте де ауруды бірінші болып жұқтырғандар шетелден келген.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының соңғы мәліметі бойынша, маймылшешек ауруын 92 адам жұқтырған. 

Бұл ауру Орталық және Батыс Африкада жиі кездеседі. Бұл аймақтан тыс жерлерде оның қоздырғышын көбінесе сол жерде болған адамдар мен жануарлар тасымалдайды.

АҚШ, Австралия, Канада және Еуропада маймылшешекті жұқтыру жағдайлары зерттеліп жатыр. Бұдан өзге АҚШ, Канада, Испания, Португалия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция және Австралия билігі өз территориясында аталған аурудың өршіп жатқанын растады.


Оқи отырыңыз: 3 ит пен 100 мысыққа пана. Елордадағы жануарлар үйінен фоторепортаж


BBC мәліметінше, елде инфекцияның 80-ге жуық жағдайы расталған. Ал ДДСҰ маймылшешекті жұқтырды деген күдікке 50 адам ілінген. Бірақ олардың қай мемлекеттерден екені аталмады. Ұйым індетті жұқтырушылар санының артатынын ескертті.

Британ денсаулық сақтау қызметі аталған індетті адамның жеңіл өткеретінін және бірнеше апта ішінде сауығып шығатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары