Маймыл шешегі вирусының жұқпалылығы төмен, сондықтан коронавирус сияқты кең тарай алмайды. Бұл туралы Николай Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының профессоры, вирусолог Анатолий Альтштейн мәлімдеді.
"Маймыл шешегі – Covid-19-бен салыстырғанда жұқпалылығы төмен ауру. Бұл вирустың ондаған мың, жүздеген мың, тіпті миллиондаған адамдарға таралу қаупі жоқ. Өйткені, вирус адамдар арасында тараған сайын белгілі бір деңгейде әлсірей береді. Маймыл шешегінің вирусы адамнан адамға шамамен 10 рет берілуі мүмкін, содан кейін оның әлсірейтіні сонша, әрі қарай таралмайды", – деді Альтштейн Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Профессор вирустың жануардан адамға жұққанда күшті болғанымен, адамнан адамға жұғуы кезінде өлім қаупі де төмендейтінін айтты.
Сонымен қатар ол маймыл шешегінің адамға науқаспен жақын қарым-қатынаста болғанда ғана жұғатынын еске салды.
Оқи отырыңыз: Маймыл шешегінен қорғайтын маска сатылады деген ақпарат – жалған