Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ ресми сайты.
Ол бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болды.
Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.
Білімі:
1999 жылы – "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы – Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясын "Халықаралық қатынастар саласындағы маман" мамандығы бойынша бітірген.
2010 ж. – Ш.Есенов атындағы Қаспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін "Мұнай-газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша бтірген.
Еңбек жолы:
2001-2004 жж. – Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) бұрғылау ертінділері жөніндегі инженері, АҚШ және Малайзияда тағлымдамадан өткен.
2004-2007 жж. – өндіру менеджері (MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы).
2007-2010 жж. – "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры.
2010-2012 жж. – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобалау сервистері бойынша басқарушы директор.
2012-2013 жж. – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жоба жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.
2013-2014 жж. – Мұнай және газ вице-министрі.
2014-2019 жж. – Энергетика вице-министрі.
2019-2021 жж. – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
2021-2022 жж. – Энергетика министрі.
2022 жыл 14 сәуір – Президент кеңесшісі.