Тікелей эфир

Мәжіліс депутаты Ғылыми кітапхананы дербес мекеме етуді ұсынды

Қазір кітапхана ғылыми комитеттің бір бөлімшесі ретінде ғана жұмыс істеп тұр.

Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атына жолдаған сауалында кезінде Қаныш Сәтбаев ашқан ғылыми кітапхана бүгінде Ғылым комитетінің бір бөлімшесі ретінде ғана жұмыс істеп, қажетті деңгейде дами алмай отырғанын алға тартты.

Депутаттың сөзінше, кітапханада жалпы саны 6 миллион басылым болса, соның ішінде шет тілдердегі қордың саны бір миллионнан асады.  Мұнда араб, парсы, шағатай, қытай және басқа тілдегі еңбектер жетерлік. Сондықтан, Орталық ғылыми кітапхана республикалық қана емес, халықаралық деңгейде оқырманға қызмет көрсетуге лайық. 


Оқи отырыңыз: 10 онлайн кітапхана. Қалаған кітапты үйден шықпай-ақ қалай оқуға болады?


"Көрші елдердегі дәл осындай кітапханалардың мәртебесі әлдеқайда жоғары. Мысалы, іргеміздегі бауырлас Өзбекстандағы ­Бируни атындағы Шығыстану институтында қолжазба қорына ерекше жағдай жасалған. Ал Ирандағы 12 қабаттан тұратын Ұлттық архив және кітапхана ел президентіне тікелей бағынады, Үндістанда да солай", – деген Мақпал Тәжмағамбетова министрге бірқатар ұсыныс жасады.

Олар:

  • Ғылыми кітапхананы дербес мекеме ету. Яғни, Ғылым және жоғары білім министiрлiгi Ұлттық ғылым академиясы аясында Орталық ғылыми кітапхана мәртебесін қайта беру.
  • Ғылыми кітапханада арнайы реставрация бөлімі мен зертхананы ашу. Қазақ халқының тарихына қатысты құнды деректер шоғырланған ғылыми кітапхана қорын жан-жақты зерттеу, ғылыми айналымға енгізу ісі арнайы бағдарлама аясында жүргізілуі тиіс. 
  • Цифрландыру жұмысын қарқынды жүргізу. Сирек кітаптар мен көне қолжазбалар бөлімінің ережесі бойынша оқырманға құнды басылымдардың диджитал нұсқасын беру.  
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары