Тікелей эфир

Ләззат Ералиева: Covid-19 жұқтырған балалардың көбінің ата-анасы екпе алмаған

Маман екпе салдыру мүмкіндігі жоқ балаларды тек ұжымдық иммунитетпен қорғауға болатынын айтты.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева бүгінгі таңда көбінесе ата-анасы вакцина алмаған балалардың ауырып жатқанын айтты. Осы орайда маман жасөспірімдер мен балаларға сақтық шараларын үйретуге кеңес берді. 

"Алда жаңа оқу жылы келе жатыр. Бір айдай уақыт қалды. Балаларымыз мен студенттердің офлайн оқуына тура келеді. Жасөспірім балалар арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралып жатқанын білесіздер. Осыны ескеріп, келесі нәрсеге назар аударғым келеді: коронавируспен көбінесе вакцина алмаған ата-аналардың балалары ауырып жатыр. Біз вакцина алуға мүмкіндігі жоқ балаларымызды тек ұжымдық иммунитет көмегімен қорғай аламыз. Сондай-ақ, шын мәнінде балалар мен жасөспірімдерге стандарттық сақтық шараларын үйретуіміз қажет. Бетпердені қалай тағу керек, қолды қашан жуу қажет деген сияқты", – деді Ләззат Ералиева. 

Еске салсақ, қазақстандық ғалымдардың Covid-19 індетіне қарсы нанокапсула әзірлеп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұрын тамшылары түріндегі вакцина пайда болуы мүмкін. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары