Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 100 миллиард теңгеге жәрдемақы алды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
606,9 мың отбасыға жәрдемақы берілді.

Қазақстанда былтыр түрлі санаттардағы отбасыларға қанша көлемде жәрдемақы берілгені белгілі болды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 848,6 мың отбасы жалпы сомасы 99,9 миллиард теңгеге, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 606,9 мың отбасы 86,9 миллиард теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 241,8 мың адам 13 миллиард теңгеге қамтылды.

2025 жылғы ақпан айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 850,9 мың отбасы жалпы сомасы 50,5 миллиард теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 609 мың отбасы 44 миллиард теңгеге, ал наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 241,9 мың адам 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

  • төрт баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
  • сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге болады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

  • "Күміс алқамен" наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
  • "Алтын алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары