Олар қызметке 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.
Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Конституциялық сотының судьялары тағайындалды. Олар:
- Қанат Сергейұлы Мусин;
- Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев;
- Сергей Федорович Ударцев.
"Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Конституциялық соттың үш судьясын қызметке тағайындайды. Олар өз қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі", – деді палата спикері Ерлан Қошанов.