Қар ілбісі – "Қызыл кітапқа" енген жануар.
"Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына қар ілбісінің ұрғашысы және оның бір жасар аланы түсті.
"Қар ілбісінің ұрғашысы және оның бір жасар аланы "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. "Қызыл кітапқа" енген жануар бұған дейін де фототұзаққа бірнеше рет түскен болатын" делінген ұлттық парктің Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қар барысы – Қазақстандағы мысық тұқымдастарға жататын ең ірі аң. Олар әлі күнге дейін Іле Алатауын мекендейді.
Барысты Көлсай көлінен, Қаскелең, Өтпелі шатқалынан, Аюсайдан, Бутаковка мен Кімасар шатқалдары биігінен байқауға болады.