Тікелей эфир

Көкшетау, Семей және Өскемендегі ЖЭО құрылысы. Жоба жария талқыға шығарылды

Екі ел үкіметі арасындағы келісім жобасы көпшілік талқысына шығарылды.

Ашық НҚА порталында Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісім жобасы жария талқыға шығарылды.

Құжатта Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстан үкіметі атынан қос елдің үкіметі арасындағы қағидалық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан аумағындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша келісімге қол қоюға өкілеттік берілетіні айтылады. 

Жобаларды іске асыруға Қазақстан тарапынан тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын – "Самұрық-Энерго" АҚ, ал Ресей тарапынан бас мердігердің функцияларын жүзеге асыратын – "Интер РАО" компаниялар тобына кіретін және өзінің қосалқы мердігері ретінде тиісті ұйымдарды тартуға құқылы "Интер РАО — Экспорт" ЖШС жауапты.


Оқи отырыңыз: Қызылордада жаңа жылу электр орталығының іргетасы қаланды


Жобаларды іске асыру мақсатында "ИНТЕР РАО – Экспорт" ЖШС келісімшарттар бойынша мердігердің функцияларын орындау үшін мамандандырылған жобалау компаниясын құруға құқылы.

Ал "Самұрық-Энерго" АҚ келісімшарттар бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау үшін мамандандырылған жобалау компаниясын құруға құқығы бар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары