Тікелей эфир

"Көрші елдерге кетті". Солтүстік өңірде оқу бітірген студент қалмаған

Соңғы 10 жылда солтүстік өңірден 50 мыңға жуық халық кеткен.

Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалын өз елімізде ашу түлектеріміздің сыртқа кетуін тежеуге де мүмкіндік береді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" ғылым және жоғары білім форумында айтты.

"Солтүстік Қазақстан облысында Аризона университетімен бірлесіп филиал аштық. Ол бойынша нақты шешімдер қабылданды. Мен кеше ғана солтүстік өңірге арнайы барып келдім. Біздің маңызды облыс қой. Соңғы кезде ол жақтан көп адам кетіп қалды. Соңғы 10 жылда 50 мыңға жуық халық кетті. Әсіресе, оқу бітірген студент қалмады. Мектеп бітірген балалардың көбі елден кетті. Көбі көрші елдерге кетті. Басқа жаққа кетті", – деді  Ералы Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасары мәселе өңірде шетелдік университеттің филиалын ашу арқылы шешілгенін айтты.

"Осы бір шешімнің нәтижесінде бір жылда студенттердің шетелге кетуі 2 есеге азайды. Кеше ректормен ақылдастық. Сол жерге тағайындалған азаматты таңдағанда қателеспеппіз. Университет 5 қыркүйекте жұмысын бастайды. Жаңа университет әкімдіктің көмегімен салынды. Мектеп бітірушілердің 64 пайызы отандық жоғары оқу орындарын таңдап отыр. Бұл соңғы жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы бағытта жұмысты жалғастырамыз", – деді Ералы Тоғжанов.


Оқи отырыңыз: "Қарап тұрғандар бар". Ералы Тоғжанов әнұранды дұрыс айтпағандарды сынға алды


 

Серіктестер жаңалықтары